АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Алла разы болсын»: Қарақат пен Қыдырәлі «үйлену тойын» дүркіретіп атап өтті[:]

[:kz]

Қарақат пен Қыдырәлі үйлену тойларын жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Отбасын құрғандарына 20 жыл болған жұлдызды жұп, жас кездерін есіне алып, тағы да той жасады. Бурабайда өткен салтанатты кеште Қарақат Әбілдина басына ақ фата киіп, өзін жас келіншек сезініп жүргенін айтқан. Жанына жақын адамдарының басын қосқан жиында өнер иелері бір-біріне деген сезімдерін байқатты.

«Бурабайдың баурайында достармен көңілді отырыс. Ең жақын деген отбасылық достарымыз қуанышымызды бөлісіп келіп жатыр. Әдетте үйлену тойында негізгі салтанатты тойдың басталуы кешкілік уақытта болады. Ал күндіз ең жақын деген жастармен қыдыру болады ғой. Біз жастар болып қыдырып жатырмыз. Той басталды. Жас келіншектен сәлем», — дейді Қарақат Әбілдина. 

Өздері де ақ киім киіп, перзенттеріне «Махаббаттан жаратынған» деген жазуы бар жейделер кигізіп, бұл күнге ерекше дайындалған жұлдызды жұпты жақындары құттықтай келген. Олар Қарақат пен Қыдырәліге ақ тілектерін жаудырып, адал ниеттерін байқатты. 

«Қарақаттың тойында жүрміз. Әдемі. Қазір неке қиямыз. Неке жаңартамыз. Мен қыз жолдаспын», — дейді Қарақаттың құрбыларының бірі. 

[:]