Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Әлия Назарбаева елде тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқан тұрғандардың отбасына көңіл айтты. Бұл туралы ол Instagram-да жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

«Елде болған қайғылы оқиғаларға қамығып отырмын. Қаза тапқан адамдардың отбасына көңіл айтамын. Барлығымызға үлкен сабақ болған бұл жағдай тарихымыздағы соңғысы болсын. Адамдардың бейбіт уақытта қайтыс болуы дұрыс емес. Қолдау сөздеріңіз үшін де рақмет. Бүгінде әкеме моральдық қолдау көрсеткендіріңіз үшін алғыс айтамын. Ол әртүрлі өңір тұрғындарынан көптеген хабарлама алып жатыр. Қазақстанға тек бейбітшілік пен гүлдену, қазақстандықтарға амандық пен денсаулық тілеймін», – деп жазды Әлия Назарбаева.

Рубрика: