16 сентября, 2019 Comments Off on “Әлі де сене алар емеспін”: Сиви Махмудидің Жанар жайлы жазбасы елді жылатты

“Әлі де сене алар емеспін”: Сиви Махмудидің Жанар жайлы жазбасы елді жылатты

Отандық эстрада жұлдызы Сиви Махмуди желіде қайтыс болған Жанар Хамитоваға қатысты арнайы жазба арнады. Ол әншінің жақындарына қайғыра көңіл айтып, марқұммен бірге өткізген күндерін еске алған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 
 

Фото: Instagram/sivi_makhmudi. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/sivi_makhmudi. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Өнер иесі өнердегі әріптесінің марқұм болғанына әлі де сене алар емес екенін жеткізген.

"Бала болып келіп, бала болып кеттің. Аз уақытта бауырыма басып қалған едім. Неге бұлай болды? Жүрегім қарыс айырылды. Әлі де сене алар емеспін. Жаның жәннәтта болсын алтыным! Ата-анаңа қайғырып көңіл айтамын! Сен мәңгі менің кішкентай жап-жарық жұлдызымсың! Бақұл бол! Алла алдыңнан жарылқап мейіріміне бөлесінші" , - деп жазды әнші.

Айта кетейік, бүгін Жанар Хамитованың көз жұмғаны хабарланды.

Қаралы хабарды жұлдызбен бірнеше мәрте дуэт айтқан Әбубәкір есімді әнші жігіт жеткізді.

 
  
Загрузка...

Комментирование закрыто.