АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Әли Ахмедов қарсыласын нокаутқа жіберіп, WBС титулын жеңіп алды[:]

[:kz]

Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов америкалық Маркус МакДэниэлді нокаутқа жіберіп, карьерасындағы 15-ші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Олардың жекпе-жегі Madison Square Garden аренасында орта салмақтағы экс әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен канадалық Стив Роллс арасындағы жекпе-жек кешінің аясында өткен болатын. 

Шаршы алаңдағы кездесу 10 раундқа жоспарланып, екінші орта салмақтағы WBC International титулын жеңіп алды. 

Үшінші раундта Ахмедов қарсыласын нокдаунға жіберді. Қарсыласы орнынан тұрғанымен, рефери жекпе-жекті тоқтатты. Осылайша отандасымыз қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді. 

Осы уақытқа дейін Ахмедовтың осы жекпе-жек үшін 25 мың доллар алатыны белгілі болды. Ал оның қарсыласы МакДэниэл екі есе көп — 45 мың 250 доллар алды. 

[:]