Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов бұл сұраққа жауап берді деп хабарлайды bairaq.kz
«Министр Алексей Цой брифингке қашан шығатынын нақты, анық, айқын айта аласыз ба?»  – деп сұрады журналист ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында.
Жақын арада баспасөз мәслихаты өтеді. “Сонымен қатар, Алексей Цой қайда?” деген сұрақ туындады. Ол өзінің тікелей қызметтік міндеттерін орындау үстінде. Министрдің қатысуымен пресс-конференциялар аз өтеді. Конференцияның қашан болатындығын қосымша хабарлаймын, – деді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі.

Еске салайық, Алексей Цойдың қатысуымен соңғы баспасөз конференциясы 4 тамызда Орталық коммуникациялар қызметінде өтті.

 
 

Рубрика: