АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Александр Цекало алғаш рет қазақстандық әйелімен ел алдына шықты (фото, видео) [:]

[:kz]

Танымал ресейлік актер Александр Цекало жаңа әйелімен алғаш рет ел алдына шықты. Айта кетерлігі, жұлдыздың жүрегін жаулаған ару Қазақстан тумасы болып шыққан деп жазады «Комсомольская правдаға» сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: vokrug.tv

Фото: vokrug.tv

 

Желіде салтанатты іс-шараға бірге келген Александр Цекало мен Дарина Эрвиннің суреттері тарап кетті.

Бұл — жас жұбайлардың ел алдына алғаш рет бірге шығуы. Анықталғандай, олар аталмыш шараға бал айынан соң келген.

БАҚ өкілдері ерлі-зайыптыларды суретке түсіріп, ғаламтор кеңістігіне жүктеп жіберген. Қос ғашық камера алдында бір-біріне деген сезімдерін жасырмаған.

Фото: vokrug.tv

Фото: vokrug.tv

 

Айта кетейік, Александр Цекало өз жұбайы әрі әйгілі Вера Брежневаның сіңлісі Викториямен ажырасып кеткен. Басқа аруға ессіз ғашық болған ол отбасын тастап кетті.

[:]