АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Альбина Шардарованың күйеуіне арнаған бейнебаяны елді тәнті етті (видео)[:]

[:kz]

 

 

Нәзік үнімен көптің көңілін баураған Альбина Шардарова алғашқы жеке бейнебаянын ұсынды. Бұған дейін Қуандық Рахыммен бірге «Болайық бірге» атты клипте бой көрсеткен Альбина төл туындысын «Жүрегімнің иесі» әніне таспалаған, деп жазады Stan.kz.

Альбина бұл әнді отау құрған күні күйеуі Бауыржан Сатовқа арнап орындады. Бір күнде хитке айналған әнді бүгінде жастар жатқа біледі.

Бейнебаянда Бауыржан мен Альбинаның отбасылық өмірі суреттелген. Сондай-ақ, Шардарованың жүкті екенін дәл осы клиптен көруге болады.

Айта кетейік, Альбина аталған әнге бір жылдан кейін бейнебаян түсірсе де, оны үш күнде жарты миллионға жуық адам тамашалап үлгерген. 

Stan.kz.

[:]