АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алаңғасар шенеунік жиында судың орнына санитайзер ішіп қойды (видео) [:]

[:kz]

 

 

Үндістанда маңызды отырыстардың біріне келген шенеунік абайсызда судың орнына санитайзер ішіп қойды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Коронавирус өршіп тұрған бүгінгі таңда жиындарға санитайзерлер қою әдеттегі жағдайға айналған. Тіпті тазалық құралдарынсыз түрлі жиындарды елестету мүмкін еместей. Мумбайда өткен сондай жиындардың бірінде үстел үстіне санитайзерлер қойылады.

Алайда, шенеуніктердің бірі Рамеш Павар дезинфекциялау құралын ауыз сумен шатастырып алып, оны ішіп қояды. Ол санитайзермен шөлін қандырамын деп мүлде ойламаған болуы керек. Бұл жайтты байқап қалған жиынның өзге қатысушылары мен ұйымдастырушылары оны тоқтатамын дегенше, ойы басқада болған шенеунік еш алаңдамай санитайзерді бірнеше рет жұтып үлгерген.

kaz.nur.kz

 

[:]