АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Әл-Фараби даңғылымен жүріп өткен әскери техника алматылықтарды шошытты (видео) [:]

[:kz]

Алматы жолдарында әскери техника көзге тұсті. Қала тұрғындары әл-Фараби даңғылы бойымен жүріп өткен әскери көліктерді видеоға түсіріп алып, желіде жариялауда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Видео бүгін, 14 сәуір күні әл-Фараби даңылында түсірілген. Кадларда сегіз көліктің кетіп бара жатқаны көрінеді. «Әл-Фараби, таңғы алты. Бұл қандай қарбалас?», — дейді кадр сыртындағы дауыс.

Мемлекеттік күзет қызметі кезекші бөлімінен NUR.KZ тілшісіне хабарлауынша, қалада жоспарлы арнайы техникалық жаттығулар өтіп жатыр. 

Алайда бұған қатысты пікір білдірген өңірдің полиция департаменті алаңдауға еш негіз жоқ екенін, бұл маңда терроризмге қарсы оқу-жаттығу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Айта кетсек, бұған дейін Алматыда Ritz Carlton қонақ үйінің шатырында VIP-кортежді қорғап тұрған мергендер видеоға түсіп қалғанын жазған едік. Сол кезде Алматы қаласы полиция департаменті бейнежазбаға қатысты қандай да бір мәлімет беруден бас тартқан болатын.

 

Автор: Нұр Төребек

kaz.nur.kz

 

[:]