АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ақтөбелік жігіт өзінің өліміне кімді кінәлау керектігін денесіне жазып алды (фото)[:]

[:kz]

Ақтөбеде бір отбасының үш бірдей адамы сотталып жатыр. Телефон саудасымен айналысып, қарызға белшесінен батқан Темірлан Ізғалиев бүгінгі сот отырысына өз өліміне кінәлілердің атын жазып келіп, денесін көрсетті. Ол денесіне өзінің үстінен арыз жазған екі адамның атын жазған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

гггггг

Фото: KAZ.NUR.KZ

 

Сот қаралуында сотталушылардың 20 млн-ға жуық ақшаны алдау жолымен иеленгені айтылды.

«Менің жолдасым 13 сәуірден, қайын атам 11 сәуірден бастап аштық жариялап отыр. Олар өтіп жатқан сот ісінің бір жақты қаралуына наразы», — дейді сотталушының жұбайы Мөлдір Айтбай.

Сауда үйлерінің бірінде телефон сатумен айналысқан кәсіпкерлер арасында ірі көлемдегі ақшаға қатысты араздық туындаған.

Соңында 10-ға жуық адам бір отбасының үш бірдей мүшесінің үстінен арыз түсіреді. Олардың алды 88 млн теңгеге, ең азы 13 млн теңгеге шығындалған.

Сотталушы Темірғали Ізғалиевтің телефон саудасын ірі көлемдегі қаржымен жүргізгені де сотта айтылды. Оған әпкесінің банктегі есепшоты арқылы шетелден ірі көлемдегі ақша аударылып отырған. Ал әкесі баласының ісіне көмектесіпті.Бүгін 9 томдық сот талқылауы аяқталып, мемлекеттік айыпталушы сотталушыларды жазалауды сұрады.

Прокурор Темірлан Ізғалиевті 9 жыл, Маркс Қалымбетовты 6 жыл, Эльмира Ізғалиеваны 6 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады.

Сонымен қатар, сот отырысы кезінде сотталушымен сөзге келіп, дөрекілік көрсеткен жәбірленушілердің біріне сот 10 АЕК айыппұл төлеуді міндеттеді.

[:]