АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ақтөбеде жетпіс төрт жастағы педофиль ұсталды[:]

[:kz]

Ақтөбеде тапатал түсте бес жасар қызды зорламақ болған педофил ұсталды. Жасы сексенге таяған күдікті кішкентай қызды тәттімен алдап көп қабатты үйлердің бірінің артына апарып жаман ойын әске асырмақ болған. Абырой болғанда сол жердегі тұрғындардың бірі көріп, кішкентай қызды арашалап қалған.

Әлеуметтік желіде лезде тараған видеода кішкентай қызды арашалап алған куәгерлердің айқайлап жатқанын көруге болады. Әп сәтте дүйім елді шошытқан оқиға Ақтөбедегі жаңадан бой көтерген «Нұр сити» ықшам ауданында болды.

«Куәгер машинамен кетіп бара жатып аркадан көріп қалған. Ана кісінің қыз баланы ұстап тұрғанын. Содан кейін мен де бардым. Бірден  таныс лифтерді шақырдым. Үшеуміз сосын ұстап алдық. Үйден шығып келе жатқан бір жігітке полиция шақыр дедік. Басқа да көрген адамдар бар», — дейді  Ақтоты БОТАШЕВА.

Тұрғындардың айтуынша, бұл оқиғаға дейін де осы ауданда ақбас шалдың ойнап жүрген балаларға келіп, тәттімен алдап, үйіне шақыратынын естіп жүрген. Алайда балаларының сөзіне мән бермеген тұрғындар дәл бүгінгідей жағдайдың куәсі боламыз деп ойламадық дейді.  Қазір бес жастағы қызға зорлық көрсетпекші болды деген  жетпіс төрт жастағы тұрғын қамауға алынды.                                                          

«Полция бөліміне № 30-шы басқару компаниясының жұмысшылары телефон арқылы хабарласып, кәмілеттік жасқа толмаған қыз балаға тиісіп жатқан ер кісіні ұстағандары туралы хабарлама келіп түсті. Сол жерге полиция қызметкерлері барып 1945 жылы дүниеге келген қала тұрғынын полиция бөліміне жеткізді», — деді Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің  жетекшісі Ерболат САРҚҰЛОВ.

Қазір күдіктінің үстінен ҚР ҚК 124-ші бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұдан өзге ақпарат жариялауға жатпайды деген полицейлер оқиғаға куәгерлердің бәрі тергеліп,  полиция бөлімшесінде түсінік беріп жатқанын айтады.

Жас Алаш 

[:]