Актер Асылхан Төлеповтің кіші ұлы Ақан қайтыс болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қайғылы оқиға туралы Асылханның ағасы актер Артур Төлепов Instagram-да жазды.

“Асылхан інімнің екінші баласы дүниеден озды. Кішкентай періште, иманың саламат болсын. Біз сені жақсы көреміз”, – деп жазды ол.

Асылханның жары Айсұлу да Instagram-да “Ботақаным-ай…” деген жазба қалдырды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Асылхан Толепов (@assylkhantolepov)

Артынша ақпаратты Асылхан Төлеповтің өзі де Instagram желісіндегі парақшасында растады.

Асылхан Төлепов – Қазақстандық актер. 2012 жылғы шыққан “Жаужүрек Мың бала” фильміндегі Сартай батырдың ролінен кейін танымал бола бастаған. Ол 2017 жылы отбасын құрған. Бірінші баласының есімі – Алпамыс. Ал екінші ұлы Ақан былтыр дүниеге келген еді.

 

Рубрика: