АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ақтауда балаға дөрекілік танытқан стоматолог қамауға алынды[:]

[:kz]

Ақтауда стоматолог Төлеген Мұзамбетов «Денсаулыққа жеңіл зиян келтіру» бабы бойынша үш тәулікке қамалды деп хабарлайды Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

 
 
Коллаж: NUR.KZ Фото: видеодан кадр, NUR.KZ

Коллаж: NUR.KZ Фото: видеодан кадр, NUR.KZ

 

5 қарашада Ақтау қалалық мамандандырылған әкімшілік соты қабылдау кезінде балаға дөрекілік танытқан тіс дәрігеріне қатысты бұлтартпау шарасын белгіледі

«Стоматолог өз кінәсін мойындады. ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-1 бабы 1-бөлігіне сәйкес, оған қатысты үш тәулікке қамау жазасы белгіленді. Айыппұл түрінде жазаға тарту қарастырылмайды, себебі жәбірленуші балақайдың балалар церебральды сал ауруына шалдыққаны жайлы диагнозы бар», – деп мәлімдеді облыстық соттың баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, өз баласына қол көтерген анаға қатысты материалдар сотқа түспеген.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын желіде кішкентай балаға дөрекілік танытқан дәрігердің видеосы тарап кетті. Бейнежазбада медицина қызметкері бүлдіршінді жұлқылап жатқанын көруге болады.

Кейіннен оқиғаға қатысты дәрігердің өзі пікір білдіріп, отбасы мүшелерінен кешірім сұрап, жағдайдың қалай болғанын баяндап, видеоүндеу жолдады.

Сонымен қатар, оқиға орын алған медициналық орталықтың бас стоматологы Қуат Машырықов тіс дәрігерінің Еңбек кодексінің 64 бабы бойынша қатаң сөгіс алып, жұмыстан босатылғанын мәлімдеді.

 
 

[:]