АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ақшаны қайдан алады: Ресейлік блогер Алматыдан алған әсерімен бөлісті (видео)[:]

[:kz]

Түптамыры қазақ, ресейлік блогер Айвар Азаматов өзінің Саратовтан Алматыға қалай көшкенін, мұндағы өмірдің жақсы-кемшін тұстарын атап өтіп, мегаполиске көшкісі келетіндерге кеңес берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 
 
Айвар Азаматов. Фото: AIVAR Youtube арнасынан кадр

Айвар Азаматов. Фото: AIVAR Youtube арнасынан кадр

Айвар Алматыға 2019 жылы қыркүйек айының соңында әйелімен бірге келген. Блогер қалада үш айдай өмір сүріп, 29 желтоқсанда алған әсерімен бөлісіп, видео түсірген.

Шетелден келген азаматтың көзқарасы Youtube желісіндегі AIVAR арнасында жарияланған. Ер адамның сөзінше, шаһар оны біраз таңқалдырған.

Айвар мегаполис тұрғындарының азыл-түлік пен үйге ақшаны қайдан табатынын түсіне алмай дал. Блогердің ойынша, ресейліктермен салыстырғанда қала тұрғындарының жалақылары аз, ал жоғарыда аталған заттардың бағасы қымбат.

Ол тіпті тұрғындар арасында шағын сауалнама жүргізіп, Алматыда орташа жалақы қанша екенін анықтапты. Оның есебінше, адам басына орташа жалақы 40- 50 мыңнан 100-120 мыңға дейін, ең көп мөлшер 150 мың.

Осы орайда көпшілік тапқан қаражаттарының өмір сүру үшін әзер жететінін мойындаған. Қазақтардың көлік және тағы басқа заттарға ақшаны қайдан алатыны Айварға түсініксіз қалған.

Айвар үшін Алматы жолдары да жағымсыз әсер қалдырыпты. Блогердің пікірінше, мұндағы шеттен келгендер мен жергілікті жүргізушілер өте ашушаң. Бірнәрсе ұнамай қалса үнемі сигнал басады.

Айвардың айтуынша, оңтүстік астанада тұрудың кемшін тұстарына қарағанда жақсы жақтары өте көп. Ол қазақтілді және орыстілді тұрғындардың көптігіне, төлем жүйесінің оңайлығына, кішкентай болса да заманауи метрополитеннің барына баса назар аударған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстандағы ең бай және ең кедей өңірлер белгілі болған еді. Сарапшылар Қазақстанның қай өңірінде кіріс жоғары екенін санап көрген. Алматы қаласы тізімде көшбасшы болған. Мегаполис тұрғындары орта есеппен айына 238,8 мың теңге алады.

 

[:]