АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ақша табамын деп аяғынан айырылған: Қазақстандық депутат шетел азаматын құлдықта ұстап келген[:]

[:kz]

 

Қарағанды облысында табыс табуға келген Өзбекстан азаматы құлдыққа түсіп, екі аяғынан айырылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның «Информбюро» жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Боран соғып, аяз болып тұрды. Жылыну үшін жүгірдім. Қарды қолыммен тазалап, қардың астында түнеуге мәжбүр болдым. Төрт күннен кейін аяқтарымды сезбей қалдым», — дейді Өзбекстан азаматы Бақтияр Бекбегенов.

39 жастағы Бақтияр Бекбегенов Қазақстанда үш жыл жұмыс істеген. Соңғы жылы ол өзін Жамбыл облысының депутатымын деп таныстарған азаматтың үйінде қой бағыпты. Алайда ол алдап соғып, бір жылғы еңбегі үшін 50 мың теңге ғана төлеген.

Амалы таусылған шетел азаматы ақшасының бір бөлігін отбасына жіберіп, қалған жартысына такси арқылы Өзбекстан елшілігіне аттанған. Дегенмен аязды күні адасып, жапан даланы кезіп жүрген. Тек төрт тәуліктен кейін бір ауылға келіп, сондағы ауруханаға түседі. Дәрігерлерге ер азаматтың аяғын үсік шалғандықтан кесуге тура келіпті. 

Қазір Бақтияр еңбек құлдығына түскен азаматтарға арналған панаға орналастырылған. 

«Коронавирустың таралуына орай, мұндай азаматтардың басқа барар жері болмағандықтан біздің орталыққа келеді. Полициялардың өздері егер шетелдіктің құжаты жоқ екенін білсе, өздерін таныстарына жұмысқа қосып жібереді», — дейді «Қайсар» қоғамдық қорының заңгері Сәуле Әубәкірова. 

 

[:]