АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Ақша бермесең, позорыңды шығарам!» деп сес көрсетті»: Саят Әбенов экс-әйеліне қара күйе жағып ақталды[:]

[:kz]

Не болса да жұртқа күлкі болмайық деп үйлену тойын жасадық. Бір күні оқуда жүріп үйге хабарлассам екеуі кетіп қалды дейді анашым. Неке сақинасын өткізіп өз ауылынан бір-ақ шыққан екен.(Ол кезде жалдамалы лашық үйде тұрамыз. Жағдайымыз өте нашар).

Ел арасына «Торғайлық ақын» деген лақап атпен танылған Саят Әбенов экс-әйелінің  өзін қаралаған сөздеріне әлеуметтік желі арқылы қарымта жауап берді. Бұл туралы Skifnew.kz ақпарат порталы хабарлайды.

«Баласына көмектеспейді, 10 жылда бір рет те іздеп  келмеді» деген  бұрынғы келіншегінің  айтқан сөзіне байланысты ақын instagram желісіндегі жеке парақшасында  «Өткен өмірім» деген тақырыпта түсініктеме берді.

«Жеке өмірім жайлы емес өткен өмірім жайлы айтып берейін. Концертіме дейінгі концерт осы шығар. Әйтпесе ішіме сыймай кетті. Жалпы сыртым күліп жүргенмен ішім мұңға толы. Біреу сезінер, біреу сезінбес. » Бақытсыз неке» деген туындымды оқыған кісілер түсінген шығар?! Студенттік шағымдағы үлкен қателігімнен бастайын. Ойда ештеңе жоқ, жұрт құсап қызбен жүрейік деп жатақханада махаббатқа ерік бердік. Содан бір қызбен жүре бастадым. Кейіннен ұрысып қалып қайта қауыштық. Қауышқан күн — біздің өмірімізді өзгертті. Арада екі апта өткен соң » жүктімін » деген хабар айтты.

Ол кезде отбасы құруға деген сенімі аздау жаспын. Бас тартсам анасы арызын дайындап отыр. Ал әкесі (дтсп) ауруымен ауырып ертеректе қайтқан екен. Содан жүрек қаламаса да қыз ұзату тойы өтті. Қыз ұзату тойында анасы (енем) мынадай тілегін жеткізді » бұл қызымды бұған бергенше басқа жігітке беруім керек еді. Жарар, өздері білсін » деді. Сол тілегі әлі күнге дейін көкейімде.

Не болса да жұртқа күлкі болмайық деп үйлену тойын жасадық. Содан арада уақыт өтіп дүниеге ұл келді. Сәбидің еш жазығы жоқ қой шыны керек сәбилі болғаным үшін қатты қуандым. Ол қуанышымыз бірақта ұзаққа созылмады. Бір күні оқуда жүріп үйге хабарлассам екеуі кетіп қалды дейді анашым. Неке сақинасын өткізіп өз ауылынан бір-ақ шыққан екен.(Ол кезде жалдамалы лашық үйде тұрамыз. Жағдайымыз өте нашар). Енді отбасы болған соң ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Олай дейін десем де мен басқа қалада оқуда жүрмін. Жағдайдың төмендігінен кеткен шығар деп ой түйдім. Хабарлассам көтермейді. Тым болмаса ұлыммен сөйлестір десем де көнбейді. Содан қатты қиналып кеттім.

Ата-анам мен туыс-туғандарым жұбатып әйтеуір басу айтты. Бауыр басып қалған да қиын екен. Ақыры үмітім үзіліп оралмасына көзім жетті. Басқа өмір жолын бастап мен де өз жөніммен кеттім. Алланың берген бағы — ақындығым жаныма серік болды.Мені жеке өмірім тастап кетсе де жеке өнерім тастаған жоқ. Содан арада біраз жыл өтіп атым шыға бастағанда хабарласты. Ол кезде бәрі өзгерген. Өйткені басқамен тұрмыс құрған екен. Бірақта оның күйеуі жол апатынан көз жұмыпты. Содан бір баласы бар.Екі баламен қиналып кеткен соң әлиментке арыз беріпті. Әрине ұлым үшін төлеуге дайын болдым.

Бір жылдан астам уақыт төлеп келе жатырмын. Ұлымыз (талма ауруы) ауыратын болған соң одан тыс көмек те көрсетемін. Барлық чектері сақтаулы.Бірақта соған көңілі толмай одан сайын ала бергісі келеді. Үйім жоқ деп күйінеді. Шынын айтсам өз басымда да үй жоқ. Қалай алып беремін? Егер жағдайым жақсарып жатса алып беремін дедім. Жақын күндері болған кешімді естіп одан сайын күшейіп кетті. Кеш жасау оңай деп ойлаған шығар.

» Көбірек ақша бермесең кешіңе келіп позорыңды шығарам » деп сес көрсетті. Ақыры эфирлерге қатысып сыртымнан жала жауып үлгеріпті. Жарар енді ақ-қарамыз тек Аллаға ғана аян. Мені жақсы көріп жүргендер жек көріп, жек көріп жүргендер қуанатын күн жақындап қалды. Бәрін бір Аллаға ғана тапсырдым!», — деп жазды ол.

Естеріңізде болса, «Танымал ақын Саят Әбенов науқас ұлы мен әйелін тастап кеткен бе?» тақырыпта материал жариялаған болатынбыз.

[:]