АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]АҚШ-тың Қытайды әлсірету ойы неге іске аспады? [:]

[:kz]

Аталған сауалға өз пікірін білдірген Израиль сарапшысы Яков Кедми: «АҚШ қару-жарақ сату жөнінен қазірдің өзінде Қытай мен Ресейге ұтылып отыр. Ресей мен Қытайдың қоса алғандағы әскери бюджетінің жиынтығы АҚШ-тың осы салаға бөлген бюджетінің жартысын ғана құрайды.

Соған қарамастан, егер жаңа қару-жарақты ойлап табу, оларды жасап шығарудың өзіндік құны, сатуға шыққан шынайы шығынды есептесек, Қытай мен Ресейдің бюджеті АҚШ-тікіне қарағанда анағұрдым тиімді. Оның үстіне әлемде американдықтардың әскери бюджетіндей соншалықты жемқорлыққа негізделген бюджет жоқ, өйткені, барлық қару-жарақ қоюшылардың «артық табыс пайдасы» оған алдын ала салынған. Басқа елдерде бұл жемқорлық деп саналады.

Ресей Қытайға оларға жетіспейтін нәрсені — стратегиялық қауіпсіздікті беріп отыр. Аталған салада жеңіліс тапқан АҚШ сол себептен де қанасынан шығып ашуланып, оған қарсы күресуге тырысады. Бірақ олар Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ағылшындар сабақ алмаған бір нәрсені түсінбейді. Британия империясы мезгілінен бұрын аяқталған — оның соңғы тұяқ серпуі кеңестік авантюра болған-ды. Американдықтардың соңғы авантюрасы не боларын әлем жұртшылығы алдағы уақытта көретін болады. Шындығына келсек, ресми Вашингтон билігі өз алдына аталған қос алпауыт елдердің экономикасымен бәсекеге түсуді ешқашан да мақсат етіп қоймаған.

Өйткені АҚШ экономикасы рэкет (әлімжеттік) пен таза мафияға негізделгендіктен, янкилер Ресей бастаған басқа елдермен бәсекеге түсуге құлық танытпай, оларды өздерінің ережесі бойынша ойнауға мәжбүрлеуге тырысады. Мұндай пікірді АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп еш бүкпесіз ашық айтып отыр да. Ресей болса АҚШ-тың, Қытайдың энергия тасымалдау саласыдағы қауіпсіздігін әлсірету жоспарының күл-талқанын шығарып, аспан асты елінің осы саладағы стратегиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етті. АҚШ соңғы 15 жыл бойы Ирак пен Сирияда және Таяу Шығыстағы басқа елдерде ойларына келгенін істеп, «жынойнақ» жасап, Иранға қысым жасау арқылы Қытайды стратегиялық маңызға ие шикізатсыз қалдырудың барлық айла-шарғысын істеп бақты.

Бірақ американдықтар нақ осы салаларға арқа сүйеп отырған Қытай экономикасын тығырыққа тірей алмады. Ресейдің Қытайдың энергия тасымалдау саласының қауіпсіздігіне кепілдік бергенін айқын түсінген ресми Вашингтон енді амалсыздан Таяу Шығыста жүргізіп келген келеңсіз іс-әрекеттерін доғарып, бұл өңірден кетуге мәжбүр болып отыр. Ал мемлекет басшысы лауазымына үміткер болып табылатын Ресейдің қазіргі президенті Владимир Путин өз елінің қорғаныс саласының дамуына зор көңіл бөледі.

Сөйте тұра ол Мәскеудің АҚШ тарапынан телініп отырған жаңа қару-жарақ сату бәсекесіне ден қоймайтындығын үнемі атап өтеді, өйткені, ол аталған шараның АҚШ тарапының соның көмегімен Ресей экономикасын әлсірету мақсатында ұйымдастырылып отырғанын жақсы түсінеді. Биылғы жылдың қаңтар айындағы соңғы баспасөз мәслихаттарының бірінде В.Путиннің: «Біз ондай күдікті авантюраларға бармаймыз»,— деуі соның айғағы»— дейді.

Ермек Сахариев

elana.kz

[:]