АЛТЫНОРДА
Шетел жаңалықтары

[:kz]АҚШ Конгресі Ресейдің Украинаға қарсы соғысын геноцид актісі деп таниды[:]

[:kz]

 

АҚШ Конгресі Ресейдің Украинаға қарсы соғысын геноцид деп мойындағысы келеді. Тиісті қарарды американдық заң шығарушылардың екі жақты тобы ұсынды. Бұл туралы Foreign Policy хабарлады деп жазады altyn-orda.kz/kz 

Құжатта ресейлік агрессордің армиясы Украинаның бейбіт тұрғындарына шабуыл жасап, перзентханалар мен емдеу мекемелерін атқылап жатқаны атап өтілген. Америка  саясаткерлері  Ресей мен уақытша басып алынған аумақтарда жүздеген мың бейбіт тұрғындардың күштеп қоныс аударғанын да еске алады. 

Бұл қылмыстардың барлығы БҰҰ-ның геноцид және ол үшін жаза туралы конвенциясының II бабында көрсетілген критерийлерге сәйкес келеді. АҚШ-ның Конгресі Кремль насихатының, ресейлік шенеуніктердің және жеке диктатор Путиннің мәлімдемелері Украина мемлекеттілігі мен егемендігіне нұқсан келтіруге бағытталғанын қосты. 

Путин тіпті әскер қатарындағы ресейлік қылмыскерлерді марапаттайды. Ресей агрессиясын геноцид деп тағы қандай елдер мойындады — бұл Украина, Эстония, Латвия, Литва, Чехия, Канада және Ирландия.

Керімсал Жұбатқанов 

Алтынорда 

[:]