Ақмола облысының Атбасар қаласының шенеуніктері карантин кезінде мектеп қызметкерлерін сенбілікке шығарған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “31 арнаға” сілтеме жасап.

Мұғалімдердің айтуынша, төтенше жағдай кезіндегі шектеулерге қарамастан жергілікті билік қала аумағындағы қоқыстарды жинауға міндеттеген. 

 

Оларды бақылау-өткізу бекетінен еркін өткізген. Қолдарына қап алып, қаланың айналысындағы қоқыстарды жинаған. Мұғалімдердің сөзінше мұндай іш-шара ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильиннің келуіне байланысты ұйымдастырылған.

“Инфекция жүріп жатқан кезде бізді неге шығарды? Мұндай жағдай қалайша үндемейсің. Бұл деген қорлық қой”, – деді №5 мектептің техникалық қызметкері Елена Смаилова. 

Сонымен қатар, сенбілікке әкімдіктің арнайы қызметкерлері де шығарылған. 

Ал әкімнің орынбасары сенбілікке шыққандар қаланың тазалығына жауап беретін ұйымдардың қызметкері деп сендірді. 

“Атбасар қаласының әкімдігі өзінің тиісті ұйымармен бірігіп, дауылдан кейін пайда болған қоқыстарды, құрылыс материалдарының бәрін жинап, осындай шара жасаған болатын”, – деді Атбасар ауданы әкімінің орынбасары Абай Бекбаев.

Айта кетейік, қалада қазір 24 адам карантиндік бақылауда жатыр. 

Рубрика: