АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Әкесімен жасты адаммен тойда бидің түбін түсірген қыз жұрттан сөз естіді (видео)[:]

[:kz]

Видеодан кадр

Әлеуметтік желіде егде жастағы ер адам мен бойжеткеннің тойда билеген сәті тарап, көпшіліктің қызу талқысына түсті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видео Instagram желісіндегі kazakh.toy тобында жарияланды.

Кадрдан асабаның ойыны кезінде жасы үлкен азамат пен бойжеткеннің беріле билегенін, олардың өнеріне той қонақтарының қошемет көрсетіп, рақаттана күлгенін байқауға болады.Мұны көрген желі оқырмандары «жастарына сай емес», «әкесімен жасты адаммен осылай билеуге болмайды», «арзан күлкі», «ер азаматқа не көрінді» деген сынды пікірлер қалдырған.

Арасында әкесіндей адамды бойжеткенмен жарыстырып қойған той жүргізушісін де сынағандар болды.

 
 
 
 
 

[:]