Сонымен қатар, тілшілер М. Бекетаевтан борышкердің ата-анасы зейнеткер болса, оларға бұл жауапкершіліктің жүктелуі мүмкіндігін сұрады.

Балалардың әкесі алимент төлемесе, бұл алиментті немерелеріне ата-әжесінен өндіріп алу ұсынысы талқыланып жатыр, деп жазады Nege.kzға сілтеме жасаған

Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әділет министрі Марат Бекетаевтың мәлімдемесіне сүйене отырып.

«Әкесі төлемеген алимент ата-әжесінен өндірілуі мүмкінғни, судья: «егер ата-анасы осындай жауапкершілігі төмен жігітті тәрбиелесе, онда олар баласы үшін алимент төлеуі тиіс» деген уәжді айтады. Атап айтқанда, немерелері ата-әжесі үшін бөтен еместігі назарға алынады», – деді М. Бекетаев, Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында.

Осы орайда, министр қазіргі кезде бұл тәжірибені жалпы қоғамда талқылау бастамасы жасалып отырғандығын атап өтті.

«Бұл тұрғыда қандай пікір болатынын білгіміз келеді. Кейбіреулер аталған тәжірибе дұрыс еместігін алға тартуда. Яғни, борышкер өзі жауап беруі тиіс. Оның қарызын ата-анасы төлеуге міндетті еместігін айтуда. Дегенмен де Италияның тәжірибесі қызығушылық тудыруда. Сондықтан оны талқылаған дұрыс болады. Менің ойымша, тиісті заң жобасына осы норманы енгізу керек», – деді ведомство басшысы.

Сонымен қатар, тілшілер М. Бекетаевтан борышкердің ата-анасы зейнеткер болса, оларға бұл жауапкершіліктің жүктелуі мүмкін бе деп сұрады.

«Зейнеткер атасы мен әжесінде мүліктері бар, яғни оларда пәтерлері, көліктері бар. Бұл өз кезегінде қарызды жабудың көзі бола алады. Егер де мектепке бару үшін немерелеріне киім алудың өзі қиын болып жатса, не істеу керек?!», – деді министр.

Рубрика: