“Танымал тұлғаның суреті мен есімін заңсыз қолдануға болмайды!” – дейді Қанат Айтбаев. 

Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаев ұлының суретін саяси науқан үшін пайдаланбауды өтінді. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады paryz.kz.

“Әлеуметтік желілерде Димаштың суретін қолданып, түрлі партияларға дауыс беруге “үндеу жасап” жүрген суреттері таратылып жүр екен. Халықаралық келісімшарттарымызға сәйкес және өмірлік ұстанымы бойынша ол ешқандай саяси науқанға қатыспайды. Танымал тұлғаның суреті мен есімін заңсыз қолдануға болмайды!” – дейді Қанат Айтбаев.

Рубрика: