АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Айтыскер ақын «жылауық» шенеуніктерді сынға алды (видео)

[:kz]

 


Тараз қаласындағы «Жамбыл — менің жай атым, xалық — менің шын атым!» атты республикалық ақындар айтысында Шұғайып Сезімхан «жылауық» шенеуніктерді сынға алды жазады  Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Айтыскер ақынның Назарбаев өз еркімен отставкаға кеткен кезде көз жасына ерік берген шенділер туралы айтқаны:

Нұр ағам Тоқаевқа төр берген еді,

Елбасы орнынан бас тартқанда,

Көз жаспен пайда болды көлдер кенет.

Парламентте жылады біраз адам

Парлатып көздің жасын шермеңдей боп,

Ей солар шынымен жылады деп,

Қарапайым, қалың ел сенгенде жоқ.

Себебі әлгі әртіс депутаттар

Образға енді ғой елден ерек.

Жыласа бұдан бұрын қайда қалды?!

Ел үшін егілгенін көргем де жоқ.

Біреуі де көз жасын көрсетпеді

Сатылмақшы болғанда жерлер кенет,

Көңіл айтып, көңілі босамады

 

Өртеніп, бес сәбиі өлгенде кеп.

Көңіл айту орнына керісінше

Өздері кінәлі деп кердеңдеп еді.

Біреуі де төбесін көрсетпеді,

Газ жарылғанда Таразда елден кенет,

Ұшақта мерт болғанда 13 адам

Қайғыңа ортақтасып келген де жоқ.

Міне солар ұялмай кеше ғана

Сығымдап екі көзін ербеңде еді.

Негізі Парламент те қазақ үшін

Қайғырған Шерхандайын шерлер керек.

Елбасы үшін өтірік еңіремей,

Еліне шын жылайтын ерлер керек.

 

«Қамшы» сілтейді

 

[:]