АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Айсәуле Бақытбек алғашқы сәбиін дүниеге әкелді .[:]

[:kz]

Айсәуле Бақытбек тұңғышын босанды. Сүйінші хабарды алғаш рет әже атанған Баян Алагөзова жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Айсәуле қызды болды.

«Бүгінгі түн ұзақ болды. Менің қызым ана атанды. Бізде сұлу қыз дүниеге келді. Анасы да, қызы да өздерін жақсы сезінуде. Біз бақыттымыз», — деп жазды Баян Мақсатқызы. 

Әріптестері мен желідегі оқырмандары жас әжені жарыса құттықтады. 

Ал Айсәуленің өзі күні кеше жүктіліктің 42-ші аптасында жүргенін айтып, тезірек босану үшін елден кеңес сұрады. «Түйе ұқсап жүрмін» деп қалжыңдады өзі. Желі қолданушыларының бірі оған түйенің суретін салып, одан бірнеше мәрте аттауға кеңес берген. Оған Айсәуле: 

«Түйенің суреті туралы жазған осымен екінші адамсыз. Бүгін-ертең босанбасам, түйені іске қосамын», — деп жауап берді.

Айта кетейік, бұған дейін Айсәуле Алматыдағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қатты қиналғанын айтқан еді. Ай-күні жақындаған бикеш «өмірімді қауіпке тігіп, перзентханаға барайын ба әлде өмірімді қауіпке тігіп, үйде босанайын ба?» деген оймен бірнеше түн ұйықтамаған. Қаланың астаң-кестеңі шығып жатқан уақытта, Айсәуле 15 минуттың ішінде көшуге мәжбүр болғанын айтты.

[:]