АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Айнұр Тұрсынбаева марқұм Оразалы Досбосыновтың ұлына көлік сыйлады (видео)[:]

[:kz]

Айтыскер, ақын Айнұр Тұрсынбаева айтыстың дүлділі болған марқұм әріптесі Оразалы Досбосынұлының баласына көлік сыйлады. Айтыскер су жаңа БМВ көлігінің кілтін ұстатты.

“Айтыстың оғланы Оразалы досымыздың ұлы, тұлпардың тұяғы, сұңқардың қияғы, асылдың сынағы Нұрсұлтан інімізге Айнұр досым су жаңа БМВ көлігін сыйға тартты. Оразалының астына ат мінгізгеннен артық қуанып отырмын!
Көзіме ыстық жас келіп, көңілім босап қалды. Алла разы болсын, Айнұр! Айтыстың аққуы, Алаштың ақ туы! Әкеден де, анадан да ерте қалған Нұрсұлтан мен Нұрайшаның басынан сипаған, қолын қақпаған, жомарт пейіліңе, достығыңа, мәрттігіңе ризамыз!

 

Еркекпіз деп жүрген бізден артық іс жасап, қыз да болсаң ел жүгін арқалап жүрсің. Алла тілеуіңді берсін! Айдана мен Бекланның алдынан шықсын әр жақсылығың, әр ізгі амалың! Ал ағайын! Түрлі пікір жазбаңыздар, қуаныңыздар. Жақсылық жасау үшін бай болу міндетті емес, мейірімді болу жеткілікті!”, – деп жазды Балғынбек Имаш. 

Нұрсұлтан Оразалыұлы Тұрсынбаеваға алғысын айтып, тілегін жаудырды.

“Барша ағайынға бас иіп сәлем бердім. Маған көлік сыйлаған Айнұр ханымға алғысымды айтам. Алдына барып жағдайымды айтқанда ешқашан жоқ демеген. Әрдайым қолдап келді. Екі-үш күн бұрын ғана жол апатна түсіп, Айнұр ханымға жазғанымда көмек қолын ұсынды. Енді көлік кілтін табыстады. Алла разы болсын”, – деді айтыскердің ұлы Нұрсұлтан. 

“Асылдың тұяғы аман бол!”, “Айнұрға Алланың нұры жаусын”, “Әкесіне ұқсайды екен, аман бол”, “Айтыста жүрген аға әпкелер қандай жақсы іспен айналысып жатыр Аллаға шүкір. Оразәлі ағамыз тірі болғанда олда қаншама игі істер жасар еді деп ойлаймын”, “Құтты болсын! Ата-Аналары көрмеген жақсылықты балалары көрсін! Айнұр ханым Аллам сізге ұзақ ғұмыр берсін!”, “Жақсы әке балаға мың жыл азық деген әкесінің жоқтығын білдірмей жанына жалау болған Айнұр ханымға ерекше тағзым”, “Әкең өлсе де әкеңді көрген өлмесін деген бар”, – деп жазды желідегі оқырман.

https://stan.kz/

[:]