АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Айқын мен Жұлдыз қызын қырқынан шығарып, ұлының тұсаукесерін өткізді (фото,видео)[:]

[:kz]

Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали жақында дүние есігін ашқан қызын қырқынан шығарып, ұлының тұсаукесер рәсімін өткізді. Жұлдызды жанұя балаларының қуанышын Алматының қымбат мейрамханаларының бірініде ет-жақындарының арасында атап өткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 
 

Фото: Instgaram/zhuldyzomirgali_official Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instgaram/zhuldyzomirgali_official Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Думанды кештегі суреттермен әншілер өздерінің Instagram парақшаларында бөліскен.

Жұлдыз бен Айқын қызын қырқынан шығарып, ұлының тұсауын кестіртуді бір күнде өткізуді ұйғарған сыңайлы.

Жұлдызды жұп қос мерекені тойлауға туыстары мен тек ең жақын достарын шақырған.

Айя мен Санжарды құттықтай келген көпшілік көңілді кеште болған қызықтарды әлеуметтік желіге жүктеген.

Айта кетейік, бұған дейін жақында ғана қызды болған Жұлыдз Өмірғалидің 40 күн ішінде үшінші рет ауруханаға түсіп қалғанын хабарлаған болатынбыз. Кеше өткен думанды кештегі бейнежазбаларға сүйене, Айқынның жары мен қызы емханадан шыққанын айтуға болады.

 
  

[:]