АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Айқайлап, көпірден секіріп үй алам деп ойламаңыздар»: Елорда әкімі көпбалалы аналардың баспана мәселесі жайлы[:]

[:kz]

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов тұрғындармен кездесуден кейін әкімдікке келіп, баспана алуға үміттенген адамдардың іс-әрекеттерін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Өкінішке қарай, мұнда қазір пәтер алғысы келетіндер санаты бар. Маған баспана беріңіз, әйтпесе мен көпірден секіремін дейтіндер бар. Бұл барлық ережелер бойынша дұрыс емес, этикаға қайшы, заңсыз. Біз мәселені жаппаймыз, мүмкіндігінше көмектесеміз. Бірақ егер олар 5 күн, 10 күн айқайлап, баспана аламыз деп ойласа, ол дұрыс емес», — деді Көлгінов.

Оның айтуынша, бүгінде әкімдікте тұрғын үй кезегінде 47 600 адам тұр.

«Біз олардың құқықтарын қалай бұзамыз? «Маған баспана бер» деп айқайлаған әкімдік жанындағы барлық адамдарға пәтер берсе, қалғандарын не істейміз? Бізде кезекте 47 600 адам бар, олар адал жұмыс істейді. Ал олар үшін мемлекет тұрғын үй салуда. Сондықтан бұл жерде келісілген бойынша жұмыс істеу керек деп ойлаймын», — деп қосты әкім.

Қала билігі жыл соңына дейін 1600 пәтерді жалға беруді жоспарлап отыр. Оның 600-і аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасыларға, жалғызбасты аналарға, 1000-ы жұмыс істейтін жастарға арналған.

«Бұл да президент тапсырмасы. Сонымен, шыдамды болуларыңыз керек. Айқаймен пәтер аламын деп үміттену бекер», — деп қорытындылады қала әкімі.

Естеріңізге сала кетейік, көпбалалы аналардың талабымен митингке шыққандығы хабарланған болатын.

Индустрия және инфрақұрылымды дамыту бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев көпбалалы аналарға ескерту айтты.

Stan.kz 

[:]