АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Айгүл Иманбаеваның әкесі қызымен табыстырғаны үшін журналист Аман Тасығанға алғысын айтты (видео)[:]

[:kz]

Айгүл Иманбаева ұзақ жылдан кейін әкесімен қайта кездесті. Қызы мен әкесінің табысуына журналист Аман Тасыған себепкер болды. 

Бұған дейін Аман Тасығанның TALKLIKE  бағдарламасында әдемі сұхбат құрған актриса Айгүл Иманбаева әкесімен қауышты. 

Актрисаның айтуынша, ол әкесімен бірнеше жылдан бері араласпай әкелген. Сұхбат кезінде орайы түсіп, журналистің өтінішімен ол әкесіне қоңырау шалды.  

Ертесі уәде бойынша келісілгендей қызы мен әкесі кездесті. Әнші әкесімен бірге түскен видеосын желіге жариялады. 

«Аман, кешегі сенің сұхбатыңнан соң менің қандай байлық тауып алғанымды білесің бе? Мен әкемді таптым. Аман Тасыған деген журналист жігіт бар, әке. Біздің табысуымызға себепкер болған. Аман саған рахмет», — деді Иманбаева.

Қызымен жолықтырғаны үшін Серікқұл Иманбай да алғысын жолдады.

«Рахмет, Аман балам, рахмет. Бақытты бол! Жасың ұзақ болсын!», — деді әкесі.

Бұған қатысты Аман Тасыған өз ойын жазды. 

«2013 жылы «Айтылмаған әңгіме» ток-шоуында Айгүл Иманбаева жайлы сөз қозғадық. Бағдарлама кезінде абайсызда әкесі мен қызының арасын алшақтатып алған едік. Енді жақында сол қатынасты байқаусызда қайта жалғап жібердік. Ардақты, Айгүл Иманбаева, байлығыңды енді жоғалтып алмашы», — деп жазды ол.

Бұған дейін бағдарлама барысында актриса әкесінеқоңырау шалып, тіл табысқан болатын.

[:]