АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Әйелін шашынан сүйреп, денесін электрошокермен күйдірген»: БҚО-да екі қызы мен әйелін өртеді деп айыпталған жігіттің оқиғасы[:]

[:kz]

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Ақтау кентінде ер адам өз әйелі мен екі қызын өлтірді деген күдікке ілінді. Ерлі-зайыптылар оқиғаға дейін де бірнеше мәрте ұрысып келген екен. Күйеуі әйелін, ұрып-соғып күн көрсетпепті. Бұл туралы марқұм әйелдің әпкесі айтты. 

Бұл туралы «Астарлы ақиқат» бағдарламасында айтылды. 

8 сәуір күні Ақтау кентінде өртенген үйден екі қыз бала мен анасының мәйіті табылды. Оқиғадан соң полиция осы отбасының отағасын тұтқынға алды. Ер адам екі қызы Инабат пен Айшаны,әйелі Жадыраны өлтірді деп күдіктелді. Әзірге тергеу амалдары жүруде.

Ал, марқұм Жадыраның әпкесі бұл қылмысқа күйеу баласын кінәлайды. 

«Жадыра 2016 жылы менің үйіме екі қызын ертіп келді. Күйеуі ұрып-соғып, үйінен қашып кеткен екен. Кейі күйеуі Серік екі әпкесін ертіп келді. Жадыраның тізесіне жатып, кешірім сұрады. Мен сені сүйем, жақсы көрем. Сенсіз өмір сүре алмаймын деп жылады. Сондықтан екі баласын аяп, кешірім беріп, жіберген едім. Қазір сол үшін өзімді кінәлі сезінемін. Ол кезде ажыратып алғанда, осындай жағдай болмас па еді», — деді Жания Сүлейменова.

Әпкесінің айтуынша, күйеуі сіңлісін өте қатты қызғанған. Тіпті достарымен, таныстарымен араластырмаған. Әр қадамын аңдып, телефон арқылы сөйлескен адамдарымен ұрысып отырған екен. Тіпті Жадыраны өз үйінен шашынан сүйреп, қабырғаға ұрып-соғып алып кеткен күндері болған. Электрошокермен денесін күйдіріп, білгенін істеген.

Қайғылы оқиға болар күні Жадыра екі қызымен әкесінің үйіне барады. Екі қызы үйіне қайтқысы келмесе де, анасы қарайтын малы болғандықтан қайтып кетеді. Ал, түн ішінде үйінің өртеніп жатқанын көршілер көрген. 

«Менің күдігім Серікке түсті. Ол әйел, балаларын өлтіріп, соңынан ізін жасыру үшін үйді өртеген. Өртенген адам жанталасады. Ал, Жадыра үлкен қызымен ұйықтап жатқан жерінен табылды. Тек кіші қызының мәйіті басқа бөлмеден табылды. Өрт болып жатқанда Жадыра қалайда екі қызын сыртқа жіберер еді. Оны алдын ала өлтірген деп ойлаймын. Сараптамада мәйіттің неден өлтірілгені крсетілмеген. Өртеніп кеткендіктен анықтау мүмкін емес дегенге келтірді», — деді әпкесі. 

 

Ал, заңгер Камиша Есмұхамбетованың айтуынша, ер адам өшпенділік үшін осындай қадамға барған деп болжайды. 

«Екеуі о баста дұрыс болмағандықтан, әйелі тез арада кешіре қоймағандықтан күйеу ерегесіп, еркектік эгоизммен кек алмақ болғанға ұқсайды. Мүмкін тек қорқытамын деп ойлаған шығар. Үйді өртеп  қорқытамын деген шығар. Немесе анасын өлтіргенн балалары көріп қойып, сосын оларды өлтірген шығар. Әр түрлі жағы болады», — деді ол.

Ал, психолог маман Күлмаш Елшібаева кешірім сұрай беретін ер адамның түзелуі қиын. 

«Ер адам өте қызғаншақ болса, ол екінші жасамаймын дегенін қайталамайды деп айту қиын. Оның түзелуі қиын. Қызғаныш психологиялық аурудан да болуы мүмкін. Әсіресе, көктем, күзде ауыруы мүмкін», — деді маман. 

Марқұм әйел Жадыраның туған әкесі істің мән-жайын анықтауда журналистерден көмек сұрады. Бұл іске күйеу баласын кінәлайды.

«Қызым сол күні екі қызын ертіп үйге келді. Өлерін сезді ме білмеймін, әке, киноңды қойшы, бірге шай ішейік деді. Кейін үйіне қайтып кетті. Әйелім кіші қызымды қосып жібергісі келіпті. Оны бірге жібергенде ол қыз да марқұм болар ма еді. Бұлай боларын білмедік. Мен барғанда ішке кіргізбеді. Жадыраны алып кетті деген соң сеніп қалдым. Тірі деп ойладым. Соңғы рет күйеу баланың анасы келіп, кешірім сұрап Жадыраны алып кеткен еді. Ол кезде әйелім арыз берген, кейін арызды қайтып алдық. Бұл істе Серік кінәлі. Жадыра жай нәрсеге бой бермейтін адам. Оны алдын ала өлтірген деп есептеймін», — деді әкесі. 

Жадыра өлетінін сезді ме, соңғы кездері күйеуінің жағдайын айтып, құрбыларынына хабарлаған. 

«Ол түзелмейтін адам. Мені ұрып, намысыма тиетін сөз айтып, қорлап келе жатқанына 10 жыл болды. Талай рет кешірім сұрады. Талай рет қайталады. Енемнің өзі сені өлтіретін болды деп отыратын. Ол өз баласының қандай екенін біліп тұр. Анасын да тыңдамайды ол. Түрімнен түр қалған жоқ. Бетім-аузы ісіп кетті», — делінген соңғы аудиожазбасында. 

Қазір тергеу амалдары әлі аяқталған жоқ. Бағдарлама осы оқиғаны назарда ұстайтынын хабрлады. 

Айта кетейік, БҚО-да ер адамның әйелі мен екі қызын өлтіріп, өзіне қол салмақ болған деп күдіктелгенін хабарлаған едік. 

[:]