Есірткі сатумен айналысқан 42жастағы Клаувино да Силва әйелдің маскасын киіп, түрмеден қашпақшы болған. Ол өзін туған қызы ретінде таныстырған, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі Globo сайтына сілтеме жасап.

Ол Рио-де-Жанейродағы түрмеде жазасын өтеп жатқан.

Оған әйелдің маскасы мен жасанды шашты келушілердің бірі берген. Ол өзін 19 жастағы қыз ретінде көрсетіп, түрмеден біржола қашып кетпекші болады. Басында оған ешкім мән бермеген. Алайда, шыға берісте оны тексерушілер ұстап алған. 

Полиция осыған қатысты тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Ол 73 жылға сотталған еді

 

Рубрика: