АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Әйелдері арсыз, еркегі намыссыз»: Балғынбек Имашев президентке ашық хат жазды[:]

[:kz]

Даладағы дәретхананы мектеп ішіне көшірумен мәселе шешіле ме? Ата-ананың уайым-қасіреті мен баланың санасына түскен жара, психологиялық соққы жазыла ма? Тағдыр күйреді ғой. Көгіміз солып, тұнығымыз лайланды ғой. Көңіліміз шытынап, сағымыз сынып, жігеріміз құм болды ғой.

Қоғамдық түйткілді жүрегімен қабылдайтын белгілі айтыскер ақын Балғынбек Имашевты соңғы кездері елімізде болған жаға ұстатарлық жағдайлар қатты алаңдатып жүргенге ұқсайды. Себебі, ол әлеуметтік желіде өзіне маза бермеген ойларын тізбектеп, президентке ашық хат жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Екі-үш күннен бері пост жазам деп жүр ем. Мәселе де, тақырып та көп. Бірақ, жүрегімді ауыртқан Тараздағы жантүршігерлік оқиға…

Президент өз қызметіне кіріскеннен-ақ педофилияға қатысты жазаны қатайтуды тапсырған болатын. Біздің «халық қалаулылары» осы мәселе бойынша заңға өзгеріс енгізуді қашан қолға алар екен?

Сабақ уақытында, мектеп ауласында ұл-қыздарымызға зорлық жасалып жатуы не деген масқара?
Мектеп директоры, мұғалім, тағы бірнеше адамның жұмыстан шығып, сөгіс алып, тағы басқа жазаға тартылуымен немесе даладағы дәретхананы мектеп ішіне көшірумен мәселе шешіле ме? Ата-ананың уайым-қасіреті мен баланың санасына түскен жара, психологиялық соққы жазыла ма? Тағдыр күйреді ғой. Көгіміз солып, тұнығымыз лайланды ғой. Көңіліміз шытынап, сағымыз сынып, жігеріміз құм болды ғой.

Аса құрметті Президент мырза!

Мәртебелі министрлер мен депутаттар!

Басқа кезде пәрменді Бас Прокурор мен Жоғары Сот!

1. Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс жасаған (ұрып-соғу, құлдыққа жегу, зорлық-зомбылық жасау, өлтіру т.б) қылмыскерлерге жазаны күшейтуді, өмірлік бас бостандығынан айыруды өлім жазасына ауыстыруды қарастырыңыздар.
2. Қылмыскердің аты-жөнін, суретін, руы мен тегін түгел жариялап, айдай әлемге жария ету керек. Ол қылмыскерге еш аяушылық болмау керек. Керісінше жапа шеккендердің аты-жөнін жасыру, жарияламау, құпия сақтау қажет.
3. Қылмыстық істі ашық жүргізу. БАҚ құралдары халыққа әр қылмыстық істің қалай аяқталғаны жөнінде толық әрі ашық хабардар етіп отыруы тиіс. Кәмететке толмағандарға қатысты әрбір қылмыстық іс жіті қадағалауында болуы тиіс.

Әрқайсымыз ұл-қыз өсіріп отырмыз. Алла басқа салмасын! Жапа шеккендердің орнында кез-келгеніміздің қызымыз, қарындасымыз, немереміз болуы мүмкін ғой.

Кім кінәлі? Бізге салса үзілісте көпшілікпен бірге бармай, сабақ уақытында сұранып әжетханаға жалғыз барған қыздың өзін кінәлі қылуымыз мүмкін. Ақиқатында бәріміз кінәліміз. Қылмыс қандай қоғамда орын алады? Төресі әділетсіз, қарашасы имансыз, заңы әлсіз, биі парақор, сақшысы жігерсіз, әйелдері арсыз, еркегі намыссыз елде орын алады.

ТАРАЗ оқиғасынан соң әрқайсымыз өзімізді ТАРАЗЫ-ға тартып көрейік. Әйтпесе, Есеп күнінде Алланың Әділетті ТАРАЗЫ-сы бар!», — деп жазды ақын instagram парақшасында.

Өзекті мәселелерді президент назарына ұсынған ақынның жазбасына оқырмандары қолдау білдіруде. Мәселен, желі белсенділері сөз маржанын тізген ақын хатының астына «Дұрыс айтасыз, Алла разы болсын, сізді еліңіз қолдайды, қосыламын, естір құлақ болса ғой, шіркін, дұрыс жаздыңыз» деген секілді қолпашпау мағынасында ойларын қалдырған.

[:]