АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Африка халқына ауызашар берген қазақ азаматтары елді сүйсінтті[:]

[:kz]

Instagram желісіндегі парақшалардың бірінде қазақ азаматтарының Африка халқына қасиетті Рамазан айында ауызашар ұйымдастырған видеосы тарап кетті. Желі қолданушылары ел тұрғындарының аталмыш әрекетін көпшілік сүйсінерлік жағдай екенін айтуда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram

Фото: Instagram

Instagram желісіндегі пабликердің бірінде пайда болған видеода Қазақстанның Екібастұз қаласының тұрғындары Африка халқына ауызашар ұйымдастырғаны айтылған. Онда:»Африка, Бенин мемлекеті. Қазақстандықтар (Екібастұз) ауызашарға дастархан әзірлеп, жергілікті тұрғындарды шақырған. Рамазан мүбәрәк болсын», -деген қысқа ғана жазба жазылған.

Әзірге аталған жазбаның қаншалықты рас екені белгісіз. Десе де желі қолдаушылары ел азаматтарының аталмыш әрекетін мақтап, «Жарайсыздар жерлестер», «Ораза қабыл болсын», «Ниеттеріңіз оңынан болсын» деген тілектерін жарыса жазып жатыр.

  

[:]