АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Әділетсіз болды»: Жарыста жеңіліс тапқан Серік Ибрагимов реніш білдірді (видео)[:]

[:kz]

 

 

 

Ұлттық арнада өтіп жатқан «Екі жұлдыз бағдарламасының бірінші туры көрермен назарына ұсынылды. Шоу қатысушылары Серік Ибрагимов пен Сергей Воронцов төрешілер тарапынан қолдауға ие болмай, ең төменгі балл алды. Соның нәтижесінде танымал әнші мен оның сахнадағы жұбы жарыс жолынан шығып қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 
 

Өнер иесінің бағдарламадағы жұбы Сергей Воронцов — қазақ тілі пәнінің мұғалімі. Ол Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны екен.

Ибрагимов пен Воронцов «Ai se eu te pego» әнін орындап, көрермендердің көңілін көтеріп тастады.

Қатысушылардың өнерінен кейін қазылар алқасы Сергей мен Серіктен қазақ тілінде ән күткенін ашып айтты.

Олардың сөзінше, таңдап алған туындылары өте жеңіл көрінеді.

Сегіз жұптың өнерін тамашалап болған соң, дауыс беру рәсімі басталды.

Серік пен Сергей қатысушы жұптардың арасында ең төменгі ұпайға ие болды.

Бағдарлама шарты бойынша залда отырған көрермендер де дауыс берді. Олар Ибрагимов пен Воронцовқа жақсы балл қойса да, Серік пен Сергей жарыс жолынан шығып қалды.

Бағдарлама соңында сөз алған Ибрагимов өзінің ренішін білдіріп өтті.

«Жалпы қарапайым халықтың арасынан шыққан Сергейдің әнге, музыкаға қатысы жоқ. Ол қазақ тілі пәнінің мұғалімі. Ал қалған қатысушылардың барлығының музыкаға, өнерге қатысы бар. Сондықтан әділетсіз болды», — деді Ибрагимов.

Ал Воронцов болса, барлық қатысушыларға сәттілік тілеп, қолдап жатқандарға алғысын білдірді.

Мұны көрген желі оқырмандары бағдарламаның әділетсіз өткенін, Серік пен Сергейдің өнерін лайықты дейгейде бағаламағанын жарыса жазды.

 
  

[:]