“Орда” тобының әншісі Есболат Беделхан Димаш Құдайбергенге қатысты желіде жазған жазбасы туралы пікір білдірді. Мұның алдында Есболат Беделхан Димаштың “шетел сахнасында бекер домбыра шертетінін” айтқан. Әншінің бұл жазбасы желіде әлі күнге дейін қызу талқыға түсіп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Тілшімізге берген пікірінде ол жазғаны ойы желіде тарағанына өкінбейтінін айтты.

“Негізі әр адамда ойын айтуға хақысы бар. Тіпті барлық адамның ойынан өзгеше болса да. Жазған ойым желіге тарағанына өкінбеймін. Көпшіліктің ашулы міндеріне еш күрделі жауап бере алмаймын”, – деп пікір білдірді ол.

Алайда ол Димаш Құдайбергеннің шапан киіп, домбыра шерткенін неге қолдамайтыны туралы сұраққа да жауап беруден бас тартты. Оның айтуынша, алдағы уақытта ол ойын толықтырып жазады.  

Еске салайық, Есболат Беделхан жұрт қызу талқылаған жазбасына қатысты бұған дейін де түсінік берген.  

“Не айтқым келгенін түсіндірейін. Домбыра мен ою өз халқы туралы. Сонда ол өз халқына міндет қылады, солай ма? Яғни қазақстандықтар, әсіресе қазақтар қуанып, кеудесін мақтаныш кернейді. Ал әлемде жанкүйерлері оны жақсы көреді, жақсы көргісі келеді. Оның дәстүрі үшін емес, оның өнері үшін. Меніңше, ол бір ғана нәрсемен айналысуы керек, өнерін ғана көрсету.

Ал әрі қарай өнер арқылы ол жақсылық, балаларды қорғау, өзара махаббат, табиғаттың құндылығы және сол сияқты айтуына болады. Майкл Джексон секілді, мәселен. Ал Қазақстанды жарнамалау арқылы ол қазақтардың қуанышын, мақтанышын және көңілінің толуына ғана жетіп отыр. Адекват әрі өзгенің жетістігі арқылы айызын қандырмайтындар домбыра мен шапансыз-ақ осылай қуанышты бола алады”, – деп түсіндірген еді әнші өз жазбасын.

Рубрика: