АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Адамдардың көп қылықтары малдан да төмен» — Ахметбек Нұрсила[:]

[:kz]

⠀»Әй, Ахметбек сен бізді адамдарға теңеп қорлаған екенсің, сол үшін біздің алдымызда жауап бер»-дейді ішіндегі сөз тізгінін алған ішіндегі мосқал тартқан ақсақал суыр.

Түсіме туған өлкем суырлы таудың-Тарбағатайдың (Тарбаға-моңғол тілінен аударғанда суыр деген сөз) бір топ cуырлары мені орталарына алып алып, соттап жатыр екен..

⠀»Әй, Ахметбек сен бізді адамдарға теңеп қорлаған екенсің, сол үшін біздің алдымызда жауап бер»-дейді ішіндегі сөз тізгінін алған ішіндегі мосқал тартқан ақсақал суыр.
Мен: «Адамдар мені суырға теңедің деп жерден алып жерге салып жатыр, олардікі түсінікті, сендерге не жорық» — деймін өзімше қорыққанымды білдіргім келмей қатқыл дауыспен.

«Сонда сен бізді екі аяқты хайуандар адамдардың деңгейіне түсіріп, соныңды өзіңше дұрыс деп масаттанып тұрсың ба, хайуан. Біз сендер сияқты екі аяқты хайуандық деңгейден әлдеқайда жоғарымыз, ондай жағдайға ешқашан түспейміз»- деп маған дүрсе қоя берді.

«Фактімен айтыңдар, нені меңзеп тұрсыңдар» деп мен де бой бермей жатырмын

«Олай болса тыңда»-деп жерге бір бір шыбық шаншып фактілерді зулата жөнелді бір жүндері ағарып қалған мосқал суыр.
1. Біз екі аяқты малғұндар секілді бір- бірімізді жазықсыздан жазықсыз, бала демей, шаға демей мыңдап, тіпті, миллиондап қырмаймыз.
2. Біз сендер секілді жер ананы асқан зұлымдықпен пайдаланып, құртып жатқан жоқпыз.
3. Біз сендер сияқты сәбилерге дейін зорламаймыз.
4. Біз сендер сияқты бір өміріміз бола тұра он өмірімізге жететін байлық жинамаймыз. Біріміз мың суырдың жейтін азығын жеп, екіншілеріміз аштан жатпайды.
5. Біз екі аяқты малғұндар сияқты өзімізге ауру мен өлім әкелетін сусындар ішіп, зиянды тамақтар жемейміз.
6. Біз сендер сияқты бір-бірімізді құлдыққа жегіп, жалдамаймыз.
7. Біз сендер сияқты өз-өзімізге қол жұмсап, арам өлмейміз.
8. Біз сендер сияқты туған балаларымызды жәшікке тастамаймыз…
9. Біз сендер сияқты баспанасыз қаңғып жүрмейміз..

Біз сендер малғұндар сияқты деп ары қарай тізбектеп айтып жатыр, айтып жатыр.. Айтар уәжім болмай басым салбырап түсіп барады. Еңкейген басым жерге жете бере, маңдайымда тасқа соғып алыппын… Шошып оянсам басымда керуеттің басына оңдырмай ұрып алған екенмін. «Шынымен суыр бізге қарағанда әлдеқайда адам екен ғой»-деп осы посты жазуға отырдым.

Cіз суырлардың сотына түссеңіз не деп ақталар едіңіз?? Адамдардың көп қылықтары малдан да төмен екенін мойындай аласыз ба? Өз ойыңызбен бөлісе кетсеңіз.

Ахметбек Нұрсила
Facebook парақшасынан

 

[:]