АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Абай Бегей ұлының тұсаукесер тойын дүркіретіп атап өтті (фото, видео)[:]

[:kz]

Отандық танымал әнші Абай Бегей ұлының тұсау кесер тойын дүркіретіп өткізді. Өнер иесінің қуанышы жұлдызды қонақтарға лық толы болды. Шоу-бизнес өкілдері көпбалалы әкенің атұстарын құттықтап, оған деген ізгі тілектерін білдірген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/erbolat_tolegen/zhanbolat_erbatyrov/niyazkulova96. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/erbolat_tolegen/zhanbolat_erbatyrov/niyazkulova96. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Абай Бегей ұлы Мүслімнің тусау кесер тойын Алматы қаласында дүркіретіп атап өткен. Той иесі мен оның қыздары қонақтар алдына бірдей түсті киім киіп шығып, қуанышқа жиылған көпшілікті тәнті еткен.

Дүбірлі той басында эстрада жұлдызының қызы Сымбат орыс тілінде әке жайлы ән шырқады. Аса ерекше әрі әсерлі сәт әлеуметтік желілерде тарап, халықты сүйсінткен.

Абай Бегейдің қуанышына келіп, өз ақ тілегін жеткізген жұлдыздар қатарында Мейрамбек Бесбаев, Гүлзира Айдарбекова, Сәкен Майғазиев, Мұқасан Шахзадаев, Меруерт Түсіпбаева, Айгерім Қалаубаева, Саят Медеуов, Серік Ибрагимов, Мақсат Базарбаев, Ерболат Төлеген, Жанболат пен Жазира, Асхат Тарғын және т.б бар.

Өнер иелері мерекелік кештен суреттер пен видеолармен Instagram желісінде белсенді түрде бөліскен.

Айта кетейік, бұған дейін Қайрат Әділгерей қоныс тойын тойлап, бірқатар өнер жұлдыздарының басын біріктірген болатын. Ол көпке танымал меймендарын шаңырағында қонақ еткен болатын.

Оған қоса, өткен демалыста отандық танымал вайнер Назим Миссанов үйленді. Бұл блогер үшін екінші неке болған.

 
 

[:]