АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]#Abai175: Головкин эстафетаны елеусіз қалдыра ма?[:]

[:kz]

2020 жылы ұлы Абайдың туғанына 175 жыл толады. Осыған орай, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын республикалық деңгейде тойлау туралы жарлық шығарған болатын.

Ел президентінің бастамасынан кейін ұлы ақынның мерейтойын ауқымды түрде атап өтуге жан-жақты дайындық жұмыстары жүріп жатыр.

Шілде айының басында 9 жастағы мектеп оқушысы Ләйлім-Шырақ Ерланқызы «Абай өлеңдерін жатқа оқу» эстафетасын бастап, оны президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған еді. Мемлекет басшысы бұл эстафетаны қуанышпен қабыл алып, ұлы ақынның өлеңін оқыды. Әрі эстафетаны одан әрі Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдады.

Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің түрткі болуымен бұл challenge Қазақстан шекарасынан шығып, әлемдік масштабқа көтерілді. Әр елдің саясаткерлері, өнерпаздары, спортшылары Абай өлеңін жатқа оқып, жарысқа түсті деуге болады.

Әлем таныған адамдардың кейбірі ұлы ақынның өлеңін оқып, эстафетаны өз елімізден шыққан танымал тұлғаларға ұсынған. Алайда, кейбір өз ұландарымыз бұған қызығушылық танытпайтын секілді.

Жақында атақты «Такси» фильмінің актері Сами Насери Абай өлеңдерін оқу эстафетасына қатысты. Француз актері Абай Құнанбайұлының «Сағаттың шықылдағы емес ермек» атты өлеңін француз тілінде оқыған екен.

Ол эстафетаны Мұрагер Сауранбаевтан алып, қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге жолдады.

— Менің атым Сами Насери. Мен француз актерімін. Досым Мұрагерден жолдауын алдым. Сондай-ақ, жолдауымды ары қарай танымал боксшы Геннадий Головкинге тапсырамын», – деді актер.

Сами Насери 25 тамыз күні Головкинге эстафетаны жолдаған. Одан бері он күн өтсе де, қазақстандық атақты боксшы бұған елең ете қойған жоқ.

Головкинді challenge-ге шақырған жалғыз француз актері ғана емес. 2 қыркүйек күні қытайлық миллиардер, Alibaba интернет-корпорациясының негізін қалаушы Джек Ма да Абайдың өлеңін оқып, эстафетаны Геннадий Головкинге ұсынды.

Джек Ма ҚР-ның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышевтың эстафетасын қабыл алып, қытай тілінде Абайдың «Құлақтан кіріп, бойды алар» өлеңін оқыды.

— Құрметті достар, мен Джек Мамын. Келесі жылы Қазақстанда қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абайдың 175 жылдығы тойланады. Бүгін мен Қазақстанның Қытайдағы елшісі Нұрышев мырзадан эстафетаны қабыл алып, сіздерге Абайдың өлеңін оқып беремін,- деді миллиардер.

Одан бері де екі-үш күн өтті. GGG тағы үнсіз. Бір емес, екі бірдей әлемге әйгілі шетелдік атын атаса да Головкин үн қатпайтын секілді. Біз бұл жерде Головкин эстафетаны қабылдап, өлең оқуға міндетті демейміз. Оған бола ештеңе өзгермейді де. Бірақ, өз елінің патриоты ретінде бір минуттық видео жариялау даңқты боксшы үшін аса қиын болмас еді…

Айта кетейік, Головкин 5 қазан күні Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden кешенінде украиналық боксшы Сергей Деревянченкомен жекпе-жек өткізеді. Бұл кездесуде орта салмақтағы IBF тұжырымының белдігі сарапқа салынады. 

Abai.kz

[:]