Жамбыл Облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласының маңындағы жарылыстан 88 адамның зардап шеккенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

“Инженерлік оқ дәрілер қоймасының жарылысы болды. Біз облыстық штаб құрдық. Облыстық штабқа барлық мемлекеттік органдардың өкілдері енгізілді. Түні бойы сол жерде жұмыс жасап, облыстық штабтың отырысын өткіздік. Қазір сол жерде болған шығындарды қалпына келтіру жұмыстарын жаүргізіп жатырмыз”, – деп түсіндірді Жамбыл облысының әкімі. 

 

Облыс әкімі қанша адамның зардап шеккенін айтып, қазір жарылыс аймағындағы жағдай тұрақталып келе жатқанын жеткізді. 

“Жарылыс болған аймаққа жақын үш елді мекенде 718 адам тұрады. Кеше ол кісілердің барлығы басқа жерлерге, яғн он мектеп, бес колледждің жатақханаларына орналастырылды. Болған жағдайларды қалпына келтіру үшін 1000-нан астам адам мен 120-ға жуық техника 30 жедел жәрдем жұмыс жасады. Кешеден бері 88 адам медициналық қызметкерлердің көмегін жүгінді. 60 адам жеңіл жарақат алды. 28 адам ауруханада жатыр. Олардың ішінде 6 адамның жағдайы орташа ауыр”, – деп мәлімдеді Бердібек Сапарбаев. 

Рубрика: