обзор каз.прессы 05 февраля, 2014 Comments Off on

серикБіздің редакцияға тұрақты оқырманымыздан хат келді. Өз хатында ол былай деп жазыпты: «Мәлеев сіздің Ресейге деген өшпенділігіңіз шектен шықты, не сіз Ресей рәмізі ретінде қайта жасалған үшінші рейхтың рәмізін алып тастайсыз, не мен ҰҚК-не, ҚР Президент аппаратына, ҚР прокуратурасына, сондай-ақ РФ тиісті құрылымдарына хат жолдаймын».Владимир Василенко.Бұған мен не дей аламын, жолдаңыз. Бірақ менің Ресейге деген өшпенділігім туралы әңгіме қозғаудың жөні жоқ. Өйткені Ресей Путин мен Жириновский, Митрофанов пен Рагозин, Иудушка Головлев пен Держиморда ғана емес. Сонымен қатар Ресей дегеніміз Белинский, Герцин, Салтыков – Щедрин, Пушкин мен Гоголь, Толстой пен Лермонтов. Сондықтан мен ойлаймын, егер бүгін Михаил Юрьевич тірі болса, «жолдас» Василенко оны да: «Қош бол жуынбаған, Ресей, құлдар мен мырзалар елі, Аман бол6 адал халқым мен осы елдің көк мундирлі серілері» («Прощай немытая Россия, страна рабов, страна господ.  И вы, мундиры голубые. И ты, им преданный народ»), деген жолдары үшін сотқа тартушы еді.Бұл жерде Салтыкове – Щедрин мен Гоголь туралы әңгіме қозғаудың өзі артық.Сонымен қатар, менің ойымша, өткен ғасырдың жиырмасыншы және отызыншы жылдарында Ресей зиялыларының атылуына тек коммунистік Ресейдің басшылығында болғандар ғана емес,  сондай-ақ  ызалы оттың шырмаында болып, «көзін құртыңдар» деп айқалаған осындай  «Василенколардың» тобыры да кінәлі.Ол аз болса, мен кезінде осындай «Василенколар» Христосты соңғы сапарға шығарып салып бара жатқанда крестегі шегенің мықты қағылғанына және тікенді тәждің азапкердің басына дұрыс кигізілгеніне көз жеткізу үшін табыттың артынан ерген деп күдіктенем.Тағы да. Мүмкін «жолдас» Василенко назар аудармаған шығар, бірақ біз «ӨСКЕМЕНДЕ І ПЕТРДЫҢ ЕСКЕРТКІШІ БОЛМАЙДЫ» деген мақаланың астына Ресейдің емес, шетел және Ресей сарапшылары тарапынан адамзат тарихындағы ең қанды империя деп танылған тоталитаторлық держава КСРО-ның рәмізін қойған едік. Өзінің миллиондаған азаматтарын лагерлерде шіріткен империяның.Десекте, егер «жолдас» Василенок сол қылмысты режиммен қазіргі Ресей басшылығының арасындағы айырмашылықты көрмесе, ол оның жеке көзқарасы, мүмкін, оныкі дұрыс та шығар.Айтпақшы, Өскеменде І Петрге ескерткіш қойылмайды. Сондықтан бір-біріңді аяп, жылап-сықтай беріңіздер, «бақытсыз жандар»! 
Загрузка...

Комментирование закрыто.