АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]«60-қа келген жоқ қой…»: ақтаулық мұғалім ораза ұстаған оқушылардың ата-аналарына ұрысты[:]

[:kz]

 

Әлеуметтік желіде ақтаулық мұғалімнің ораза ұсаған оқушылар сабақ оқып, білім алуға құлықсыз деп ата-аналарына ұрысқан аудиосы тарады деп хабарлады turkystan.kz.

Оның айтуынша, ауыз бекіткен оқушылар аштықтан шаршап, үнемі сыныпта ұйықтап отырады екен.

«Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Мына балалардың барлығы ораза тұтып алған. Келеді де бәрі бастарын көтере алмай, сабақ оқымайды. Олай бастарын көтере алмайтын болса, ертеңнен бастап ауыздарын ашсын! Бұлар бірінші орында сабақтарын оқуы керек. 60-қа келген жоқ қой әлі, ораза тұтатын! Жатыр бәрі. Мұғалімдердің барлығы шағым жасап жатыр. Орыс тілінен бір-ақ бала сабақ орындаған. Біреуі сабақ орындамай, бастарын көтере алмай жатыр. Үйге барғаннан кейін сөйлесіңіздер немесе ауыздарын ашып, сабақтарын оқысын! Не бұл?!» – деді ашулы мұғалім.

 

[:]