16 июля, 2013 Comments Off on Қуандық ОРАЗБЕКҰЛЫ. МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ШЫМКЕНТЕ ШЫҒАРЫЛАДЫ

Қуандық ОРАЗБЕКҰЛЫ. МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ШЫМКЕНТЕ ШЫҒАРЫЛАДЫ

МедприборыШымкентте медициналық жихаздар, жоғарытехнологиялық медициналық жабдықтар шығарылып жатыр. Бұл өндіріс еліміздің «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік Үдемелі индустриялық-инновациялық  даму бағдарламасы аясында іске қосылды. Ол аймақтық Индустрияландыру картасына енген болатын. Өндірісті  салған «Қазмедприбор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Жоба бойынша жергілікті 240 адам жұмысқа қабылданды.Жаңа кәсіпорында шығарыла бастаған өнімдер  ерекше. Ренген, УЗИ аппаратттары, эндоскопиялық  хирургия үшін аса қажетті фидео кешен, операция жасайтын столдар, операциялық  жарық бергіштер, медициналық «консолдар», электрокардиографтар, пульсоксиметрлер, сырқаттың мониторлары, заласыздандыратын жуу аппараттары, биологиялық ламинарлы бокстар, ауамен және бумен стерилизациялағыштар, тағы басқа толып жатқан керек-жарақтар  осы өндірісте шығарыла бастады. Жоғарыда аталған жабдықтардың барлығы Қазақстанда бірінші рет шығарылып отыр және сапасы халықаралық стандарттарға сйкес келеді.Медициналық жабдықтар республикамыздағы емдеу-профилактикалық және реабилитациялық мекемелерге, жедел жәрдем ауруханаларына, госпиталдарға, санаторияларға, соның ішінде мүгедектерге, қарттарға арналған емдеу орындарына, реанимобилдерде қолдануға,  тағы басқа мақсаттарға арналып өндірілуде.Кәсіпорын шығаратын өнімдердің маңыздылығын ескере отырып «Қазмедрибордың» бұл жобасын іске асыруға облыстық әкімдік жан-жақты қолдау көрсетті. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының 1-бағыты негізінде   кәсіпкерлерге  банктерден алған несиелерінің пайыздық үстемесін өтеп отырды. Бұл туралы кәсіпорынның ашылу салтанатына арналған басқосуда белгілі болды.-Пайдалануға берілген бұл жобаның  республиканың, аймақтың медицина саласын дамытуға ықпалы мол болайын деп тұр,-деді  облыс әкімі Асқар Мырзахметов.Медицина мекемелерінде моралдық тұрғыда ескірген аппараттар көп.  Енді соларды ауыстыру мүмкіндігі жеңілдейді.  Сондай-ақ бұл жоба Қазақстанда әлемдік стандарттарға сай келетін жоғары технологиялық медицина техникаларын шығару арқылы осы салада отандық өндірісті дамытуға жол ашады.Кәсіпорын мамандары  медициналық техникаларға деген Қазақстандағы сұраныс пен қажеттілікті әбден зерттепті. Өткен жылы  медицина мекемелері 6 миллиард теңгеге  жабдықтар сатып алыпты. Соның 10 пайызы ғана елімізде шығарылыпты. Енді жағдайды түбегейлі өзгертуге болады. Шымкентте шығарылған медициналық жабдықтардың құны, әрине, шет елдерден тасымалдағаннан әлдеқайда арзан болады.-Өнімнің сапасы жөнінен біз  шет елдердегі өзіміз тектес кәсіпорындардың кез-келгенімен бәсекелесе аламыз,-дейді кәсіпорын басшылары.Кәсіпорын толық жобалық қуатына 2015 жылы жетеді деген жоспар бар. Сол кезде Шымкенттегі жаңа өндіріс жылына 60 мың дана медициналық жихаздар мен құрал-жабдықтар шығаратын болады.
Загрузка...

Комментирование закрыто.