АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«30 мың бірлікті АЧТВ контрольсіз салыңдар десе, жүрек жұтқан екен»: дәрігер дәрігердің қатесін шығарды[:]

[:kz]

«Реанимацияға қатысты сөйлеу үшін ең алдымен бір күн келіп жұмыс істесін. Көрсін, ауа жетпей, ИВЛ-де қайтыс болып жатқандарды», — деп реніш білдірді өз саласының маманы.

Белгілі реаниматолог дәрігер Ғабит Нұрханұлы facebook парақшасына Айна Бакеева есімді реаблитологтың өз саласына қатысты Instagram әлеуметтік желісінде келтірген кеңесіне «тіксініп қалған» жазба жариялады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Парақшасына әлгі дәрігер жазған дәрілер тізімінің скриншотын салған маман, оның реаниматология саласы бойынша оңбай қателескенін «көзге шұқып тұрып» көрсетіп берді.

«Дүмше молда ел бұзар» деп, реаблитологты тыңдап болсаңыздар, реаниматологты бір тыңдаңыздар. Адам емдеуде ең бірінші заңдылық «Не навриди», пайдаң тимесе тимесін, зияның тимесін.

Бүкіл адамзаттың құтқарушысы – апайдың назначениесін тузетіп жіберейін. Массаж, гармондарында жұмысым жоқ, бірақ, реанимация ісіне араласуға білім керек. Мына назначениедегі «Гепарин» – өте қауіпті дәрі.

Реанимацияда «Гепарин» қойғанда өте абай болып, сақтықпен әр алты сағатта АЧТВ тексеріп отырамыз. Себебі, дозадан артық салып қойсаңыз, кез келген себеппен қан кетсе, тоқтамай қалады. Бір тәуліктік дозасы 20 мың бірлік, 1 мл-де 5000 бірлік бар.

Апайымыз 30 мың бірлікті АЧТВ контрольсіз салыңдар десе, жүрек жұтқан екен. «Гепариннен» асқазан, ішек жолдарынан қан кетуін көрмеген екен. Тіпті, қатты жөтеліп, содан өкпеге қан кетуден қайтыс болғандар бар», — дейді Ғабит Нұрханұлы.

Айтуынша, өздері реанимацияда «әрбір тамшыны санап құяды» екен.

«Инфузия салғанда тәуліктік баланс, орталық веналық қысымды (ЦВД) өлшеп салынады. Сосын дәл кәзір апайдың нұсқауымен реанимациядан туысымды алып кетемін десеңіз, ешкім жоқ демейді. Себебі, әр орын тапшы. Әр орынның босағанын күтіп, сыртта ондаған науқастар тұр.

Реанимацияға қатысты сөйлеу үшін ең алдымен бір күн келіп жұмыс істесін. Көрсін, ауа жетпей, ИВЛ-де қайтыс болып жатқандарды. Соларға жасасын жаттығуларын», — деп реніш білдірді өз саласының маманы.

Ал оған пікір білдірген желі қолданушылардың дені бірін-бірі жоққа шығарып жатқан дәрігерлердің қайсысына сенерін білмей дал.

 

[:]