АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]23 миллиондық тиіннің – тегін көшірмесі[:]

[:kz]

 

 

Алматы облысы Қарасай ауданы Алмалыбақ ауылының жастары Алматыда бой көтерген алып тиіннің 5,5 метрлік көшірмесін жасады. Тиінді жасауға үш күн кетіпті.

Бұл туралы Қуат Ахметжанов Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында «Студенттер 23 миллион теңгені шығындамай-ақ тегін тиінді салды», — деп жазды. Қызу талқыға түскен іске таңданыс білдіргендер де, қолдаушылар да көп болды.

«Міне, сәулет құрылысын кімге табыстау керек. Қазынаны да сақтайды, жастар да өзіне біраз табыс көзін тауып қалар. Але! Тағы кімнің қаласын безендіру керек?», «Жастар жарадыңдар! Өте керемет! Шынымен де, сабан ауылда көп емес пе, Әл-Фараби даңғылын түгел тиіндармен толтырып тастаса болады», «Қала әкімшілігіне айтар сөзім: сонша ақша шығындамай-ақ, осылай жасаса да болар еді. Жастардың ісі артық болмаса, кем түспейді», «Дереу Астанаға апарыңдар сарышұнақты қоймай тұрып».

Жалпы елдің пікірі осы. Алғашында, «тиін көшірмесінің құрылысына 230 000 теңге жұмсалды» деген ақпарат тараған болатын. Кейін бұл тиіннің құрылысына бір тиын да жұмсалмағаны анықталды.

Естеріңізге сала кетейік, жақында Алматыдағы «Атакент» сауда орталығында ұзындығы 12 метр, салмағы 12 тонна болатын тиін бой көтерген. Сабан, металл мен ағаштан жасалған арт-құрылысты салу үшін бюджеттен 23 миллион теңге бөлініпті.

Жанар Адырбай

Abai.kz

[:]