21 жастағы Әйгерім Сүйінова “Атырау Аруы – 2021” байқауының жеңімпазы атанды. Бұл туралы “Қазақстан аруы” байқауының ресми парақшасында хабарланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әйгерім Еуразия гуманитарлық университетінің студенті. Өзінің парақшасында Әйгерім ағылшын тілінің маманы екенін жазған. Сондай-ақ, наурыз айында түрік тілін меңгеріп жүргенін атап өткен.

“Мен мамандық бойынша жұмыс істейтін адамдардың қатарындамын. Үшінші жыл сүйікті студенттеріме ағылшын тілі әлемін ашып келемін”, – деп жазған Әйгерім. 

 

 
 

Рубрика: