26 июля, 2019 Comments Off on 21 мың теңге жәрдемақы беру тоқтап қалды ма?

21 мың теңге жәрдемақы беру тоқтап қалды ма?

Басынан дау арылмаған 21 мың теңге жәрдемақы мәселесі әлі де ушығып тұр. Атаулы әлеуметтік көмек тоқтап қалды деп ашынған аналар мен алған ақшамыздың есебін сұрап жатыр деп қтналған әйелдер әр өңірден үн қатуда. Алған ақшасына қарызын қатырып, бала-шағасына азық-түлік алған аналар ол шығынның чегін қайдан тауып береді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «31-арнаға»сілтеме жасап.

Аналардан "ақшаны қайда жұмсадың?" деп сұрауға шенеуніктердің құқығы бар ма?  Неге о баста алған ақшаның есебі болатыны ескертілмеді? Жаппай жәрдемақыға жүгіргендердің келісімшартқа үңіліп жатпайтынын билік неге күні бұрын білмеді?

Руфина Қалиева төрт баланың анасы ұзақ жинаған құжаты кәдеге жарап, жақында ғана жүз мың теңге жәрдемақыға қол жетіп қуанған. Алайда, қуанышым ұзаққа созылмады дейді. 

"Осы айда жүз мың теңге алдым. Екі күннен соң "енді сіз алмайсыз" дейді. Сұрасам, сіздің кірісіңіз жоқ дейді. О баста, менің бір жасқа дейінгі балаға алып отырған жәрдемақым кіріс болып саналады деген", – дейді көпбалалы ана.

Қарасай ауданында жиналған көпбалалы аналардың арасында сәуірде құжат өткізіп, әлі күнге атаулы әлеуметтік көмек ала алмай жүргендер де бар. Бір қызығы, жәрдемақысын сұрап барған әйелге «Жұмыспен қамту бөлімінің» басшысы енді түседі деген жауаппен бес мың теңге беріп шығарып салатын көрінеді. 

Аудандық халықты жұмыспен қамту оталығының бас маманы болса бұл кісілердің мәселесін шешіп береміз деп уәде берді.

Бөлінген ақшаның есебін беру туралы ақпарат аз айтылды. 

Айта кету керек, о баста тұрмысы төмен отбасыларға берілетін атаулы көмек жан басына шаққанда 21 мың теңгеге өскенде бұл көмекке сұраныс күрт көтерілді. Алматы қаласында 299 отбасы мемлекеттен алған жәрдемақыны қайтаруға міндеттеліпті. Өйткені олардың кейбірінде қос қабатты үй, екі-үш көлігі бары анықталды.

Stan.kz

Загрузка...

Комментирование закрыто.