22 мая, 2020 Comments Off on 2020 жылы қандай мамандықтарға ең көп грант бөлінеді

2020 жылы қандай мамандықтарға ең көп грант бөлінеді

ҚР білім және ғылым министрлігі 2020-2021 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министр бұйрығына сәйкес, 2020-2021 оқу жылына арналған мамандықтар бөлінісінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды, магистрлерді және PhD докторларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінді.

Құжатқа сәйкес, биыл жоғары білімі бар кадрларды даярлауға - 53864 грант бөлінді. Ғылыми-педагогикалық магистратура бағытына - 12915, бейінді магистратураға - 710 және PhD докторларына- 2355 грант бөлінді.

Инженер кадрларын даярлауға 2020 жылы ең көп грант бөлінеді - 14681 грант. Оның ішінде құрылыс мамандықтары үшін - 2500 грант, электротехника және энергетика мамандықтарына - 1800, тау-кен өндірісі - 1702 грант.

Гранттар саны бойынша екінші орында - педагогика - 8243 грант. Оның ішінде 789-ы "Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу" бағыты бойынша мамандандырылған, елде шет тілдері мұғалімдері жетіспейді - 760 грант, химия - 740 грант, физика және биология әрқайсысына 730 грант.

4088 - грант жаратылыстану, математика және статистика салаларына бөлінген;
3815 - грант ақпараттық-коммуникациялық технологиялар үшін;
2700 - грант денсаулық сақтау саласына; 
1565 - грант ауыл шаруашылығы үшін;
979 - грант іскерлік, басқару және заңгерлік мамандықтарына.

Барлық мамандықтар бойынша грант тізімін бұйрық қосымшаларынан қарауға болады.


Загрузка...

Комментирование закрыто.

2025d523818cd5cb