Павлодар облысына қарасты Ақсу кентінде тылсым жағдай болды. Аспанда «1986» деген жазу пайда болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

“Кеше кешкісін, яғни оныншы маусым күні бір танысым қызық фото жіберді. “Бұл не?” деп едім, жаңа ғана өзі фотоға түсіріп алғанын айтты. Айтуынша, отбасымен таза ауа жұту үшін балконға шыққан екен. Сол кезде аспанда 1986 деген жазуды көреді. Бір ғажабы аталмыш жазу өте анық, әрі тұнық көрініп бірнеше минут тұрыпты. «Ойбай,телефон қайда!» деп үйге жүгіріп қайта шыққанша жазу аздап бұлдырап кетіпті», – дейді редакциямызға хабарласқан Уәлихан бір тұрғын.

Дегенмен жай көзбен-ақ бұл фотодан 1986 деген жазуды анық байқауға болады. 

“Аспаннан Алланың есімін оқыпты” я болмаса “арабша жазулар пайда болыпты” деген әңгімелерді естуші едік. Бірақ 1986 деген жазудың пайда болуы расында да қызық жағдай болып отыр. «Бодандық жүйеге қарсы тұрып, Тәуелсіздік үшін қан төккен жастардың ерлігін ұмытпаңдар!» деген Алланың ескертуі ме екен», – дейді телефон соққан адам.  

Әңгімелесу барысында Уәлихан өзінің Ақсу қаласындағы коллеждердің бірінде ұстаздық ететінін айтып өтті. Фотоны түсіріп жіберген адам да осы оқу орнынның мұғалімі көрінеді. 

Расында да,бұл жазу нені білдіруі мүмкін?

Сіз қалай ойлайсыз, құрметті оқырман? 
 

Рубрика: