АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Біз болашақ үшін дауыс бердік.[:]

[:kz]

Бүгін біз үшін аса маңызды күн болды. Еліміз қос ұлы жеңістің, қос қуаныштың куәсі болды. Бірі – үміткеріміз Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының сенімді жеңісі болса, екіншісі – еліміздің батыры Генадий Головкиннің спорттағы жетістігі.

Ел үмітін ақтайтын, болашаққа нық сеніммен қарап, мызғымас ел тыныштығын сақтайтын мемлекет басшысын сайлау – тарихи шешім, жауапты қадам.

Біз, Жетісулықтар, үміткеріміздің сайлауалды бағдарламасында таңдаған сара жолды, ұсынған сабақтастық, әділдік, өрлеу жолын таңдадық. Сенім мүлтіксіз болғандықтан, нәтижеміз де жоғары.

Жетісулықтар кандидатымызды қолдап, 89℅ сайлаушыларымыз дауыс берді, республика көлемінде жоғары белсенділік танытты. Exit Pull нәтижесі бойынша біздің үміткер 70.13℅ жетістікке жетті. Бұл – біздің ортақ жеңісіміз, еңбегіміздің жемісі.

Біз болашақ үшін дауыс бердік. Біз қоғамдық келісім мен тұрақтылық үшін дауыс бердік. Біз әлемдегі бейбіт заман үшін дауыс бердік.

Ғ.Сарыбаев, Алматы облыстық қоғамдық штаб жетекшісі, «Нұр Отан» партиясы Алматы

[:]