АЛТЫНОРДА
Сот ісі

[:kz]14 жасында зорланған Қызғалдақты кінәлап, кемсіткен тұрғын өз жазасын алды [:]

[:kz]

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ақпараттық кеңістікте азаматтардың ар-намысын, қадір-қасиетін қорғауға және кибербуллингке қарсы іс-қимыл жасауға маманданған «Ар-Бедел» қоғамдық қорының қолдауымен әлеуметтік желілерде қудалауға ұшыраған алматылық өз құқық бұзушысын жазалады. Сот оған қоғамдық жұмыс жасауға және келтірілген моральдық зиян үшін өтемақы төлеуді міндеттеді. Сот шешімі заңды күшіне енді.

Өткен жылдың күзінде 14 жасында сексуалдық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған Қызғалдақ Талғатқызы өз оқиғасын » Кел, татуласайық» бағдарламасында айтып берген болатын. Түсірілім барысында жазбаның тағы бір қатысушысы – Еркінбек Есембаев қызды жәбірлей бастады. Кейіннен, бағдарлама эфирге шыққаннан кейін, WhatsApp мессенджері арқылы ол оған қорлау сипатындағы мәтіндік және аудио хабарламаларды жіберуді жалғастырды.

Қызғалдақ Талғатқызын жәбірлеу бір айдан астам уақыттай орын алды.

 

Қызғалдақ Талғатқызы «Ар-Бедел» қоғамдық қорынан көмек сұрады. Қор қызметкерлері қызға өз құқықтарын қорғауға көмектесті. Жеке шағыммен ол сотқа жүгінді.

7 сәуірде Түрксіб аудандық соты іс бойынша айыптау үкімін шығарды. Есембаев 131-баптың 1-бөлігі (қорлау) бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 60 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартылды. Сондай-ақ, Қызғалдақ Талғатқызының моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық талап-арызын сот ішінара қанағаттандырды. Айыпталушы Қызғалдақтың пайдасына 250 мың теңге өндіріп алынды. Сонымен қатар, Есембаев жәбірленушілер қорына 5 АЕК енгізіп, іс бойынша сот шығындарын төлеуі тиіс.

Сот үкімімен Есембаев келіспей, Алматы қалалық сотына аппеляциялық шағыммен жүгінді.

15 шілдеде Алматы қалалық сотында сот отырысы өтті. Айыпталушы апелляциялық шағымды қанағаттандыруды және бірінші сатыдағы сот шығарған үкімді оның пікірінше, оған тағайындалған жазаның тым қатал болуына байланысты өзгертуді сұрады. Бірақ сот істің барлық мән-жайларын қарап, апелляциялық шағымды қанағаттандырусыз қалдырды, ал сот үкімі өзгеріссіз қалды.

[:]