Полиция сегіз күн бойы іздеген 13 жасар қыздың денесі табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

“28 тамыз сағат 17:45 кезінде Көкшетау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері Краснояр кентінен 5 шақырым жердегі орман алқабынан жоғалған жасөспірім Әйгерім Хайдарованың жерге көмілген денесін тапты”, – делінген хабарламада.

 

Естеріңізге сала кетейік, 21 тамызда қыздың жоғалып кетуіне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталып, 25 тамызда іс қылмыстық кодекстің 99-бабы “Адам өлтіру” санатына ауыстырылды. Полиция 13 жасар қызды жоғалып кеткен күні көрген болуы мүмкін 200-ден астам куәгерлерден жауап алды. Іздеуге еріктілер қосылды.

 

Рубрика: